Астана қаласы бойынша МКД 23.05.2025 жылы «Атамекен» ҰКП алаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен «Ашықтық, қолжетімділік, цифрландыру «мемлекеттік/қызмет көрсету сапасы бойынша Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара бизнес өкілдерімен және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен тікелей диалог форматында өтті, оқиғаның басты мақсаты ақпараттың ашықтығы, деректердің қолжетімділігі және Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының ішкі процестерін көрсету арқылы мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді нығайту болды.
Кері байланысқа ерекше назар аударылды: әр өкіл сұрақтар қоюға, ұсыныстар беруге және шенеуніктерден жауап алуға мүмкіндік алды. Іс — шара Мемлекеттік кірістер органдары мен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығын растады және ашықтық тек ақпаратқа қол жеткізу ғана емес, сонымен бірге өзара іс-қимыл мен өзгерістерге дайындық екенін көрсетті.