2025 жылғы 16 мамырда Мемлекеттік кірістер департаментінің конференц-залында УСҚ (уақытша сақтау қоймалары) иелері мен Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – УАҚ қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды, атап айтқанда:
- Тауарларды сақтау бойынша сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету;
- УСҚ иелері тарапынан кеден заңнамасының сақталуы, оның ішінде заңсыз тауар айналымының алдын алу және сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
- Департамент басшысынын орынбасары мен УАҚ иелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, соның ішінде цифрландыру, бақылау процестерін автоматтандыру және әкімшілік кедергілерді азайту ұсыныстары.
Кездесу барысында қатысушылар практикалық мәселелерді талқылап, түйткілді жайттарды атап өтіп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді. Департамент басшысының орынбасары Мустафин Д.К. барлық логистикалық тізбек қатысушыларының ашық және адал жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ведомствоның адал кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға және қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.