Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік қызметте қателіктер мен жағымсыз салдарларды ерте болдырмау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізудің дұрыс тәртібін сақтау қажеттігін еске салады.
Егер басшы, құрылтайшы, мекенжай, қызмет түрі немесе басқа да реквизиттер сияқты тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жағымсыз салдарын болдырмау үшін (қолданыстағы қызмет түрлерін алып тастау немесе жою және т.б.):
- жеке кәсіпкерлер – өзгерістерді тиісті хабарламамен «Е-License» электрондық сайты арқылы жүзеге асыруы тиіс;
- заңды тұлғалар – өзгерістерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Дұрыс өзгерістер енгізу – сіздің кәсіпкерлік қызметіңіздің тұрақтылығының кепілі!