Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық форумы – 2025» іс-шарасына қатысты

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық форумы – 2025» іс-шарасына қатысты

2025 жылдың 23 сәуірінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдерімен диалогтық форматта ұйымдастырылған «Салық форумы – 2025» іс-шарасына қатысты.

Іс-шараны «Налоги Алматы» ассоциациясы» ЗТБ директоры – Екатерина Ким ұйымдастырды. Форумға кәсіпкерлер, салық консультанттары, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Салық салудың өзекті мәселелері бойынша спикерлер ретінде Максим Барышев, Анастасия Макова, Дмитрий Казанцев, Айжан Балакешева және басқа да сарапшылар сөз сөйледі.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен Камералдық мониторинг басқармасының камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Талғат Д.Т. және Аудит басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Қуанышбеков Д.Т. қатысып, камералдық бақылау мен салықтық тексерулерді жүргізу мәселелерін түсіндіріп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.