
Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы Довганюк С.Г. дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, 2025 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Ұлттық банк тарапынан 3016 банк бақылау карточкасы келіп түскенін, оның 1170-і бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 244-бабына сәйкес бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Валюталық бақылау ережелерін бұзу фактілері әлі де жиі кездесуде.
Бас маман Ғайниев Р.Р. сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылау ережелеріне сәйкес, егер валюталық шарттың сомасы АҚШ-тың 50 000 долларынан асса, онда бұл шарт есептік тіркеуге жататынын еске салды. Егер шартта сома көрсетілмесе, ол да есептік тіркеуге жатады. Тіркеу шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.
Егер шарт бойынша міндеттемелерді алдымен бейрезидент орындайтын болса (мысалы, ақша түсімі немесе тауар жеткізу), онда резидент тіркеуді сол ақша немесе тауар түскенге дейін жүргізуі тиіс.
Тіркеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
Мемлекеттік кірістер органдары мына жағдайларда валюталық шарттар бойынша бақылау жүргізеді:
Бұл ережелердің бұзылуы ҚР ӘҚБтК-нің 244-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
СЭҚ қатысушыларына тауар декларациясының 44-графасына 03031 құжатының түрі – валюталық шарт нөмірі және 03011 құжат түрі бойынша шарт нөмірін дұрыс толтыру, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі қызметте 328-нысан бойынша есептілікті нақты толтыру қажет екені ескертілді. Қате толтырылған жағдайда банктер тарапынан банктің бақылаудың дербес карточкалары (ББДК) рәсімделіп, ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы бойынша жауапкершілікке тарту қаупі туындайды.
Негізгі ұсыныстар:
Дөңгелек үстелге қатысқан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар: