СӘИЖ салық төлеуші кабинеті арқылы жаңа салық есептіліктер нысандары қолжетімді

СӘИЖ салық төлеуші кабинеті арқылы жаңа салық есептіліктер нысандары қолжетімді

Құрметті салық төлеушілер!

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.

 

2025 жылғы 19 наурыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі салық есептіліктер нысандары табыс етуге қол жетімді болады:

1) 641.00 СЕН – Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі;

2) 101.04 СЕН – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;

3) 871.00 СЕН – Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі;

4) 180.00 СЕН – корпоративтік табыс салығы бойынша декларация.

 

СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

 

Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:

  1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы
  2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;
  3. СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.