«Кеден» интеграцияланған жүйесін енгізудің жаңа кезеңі

«Кеден» интеграцияланған жүйесін енгізудің жаңа кезеңі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Кеден» (КЕДЕН) ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұл ақпараттық жүйе кедендік декларациялау мен әкімшілендіруге арналған және жақын арада жеті жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан «Астана-1» ақпараттық жүйесінің орнын басуға тиіс.

 

КЕДЕН — бұл келесі мүмкіндіктерді ұсынатын ақпараттық жүйе:

- Электронды декларациялау – кедендік декларацияларды ыңғайлы PDF форматында ресімдеу және басып шығару;

- Ыңғайлы анықтамалықтар мен классификаторлар – өзгерістерді ескере отырып, декларацияларды дұрыс толтыру үшін өзекті деректер;

- Төлемдерді автоматты есептеу – әртүрлі кедендік рәсімдер мен тауар кодтары үшін автоматты түрде ставкаларды анықтау және төлемдерді есептеу.

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қосымша сервистер қарастырылған:

- СЭҚ ТН құрылымын қарау;

- СЭҚ ТН коды немесе тауар атауы бойынша іздеу;

- Тауардың дұрыс позициясын таңдау үшін ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша түсініктемелер;

- Тарифтік және тарифтік емес реттеу туралы ақпарат, оның ішінде ставкалар, жеңілдіктер, тыйым салулар және рұқсат құжаттары.

 

2024 жылдың 16 қарашасынан бастап республика бойынша алдын ала ақпарат беру, кедендік транзит, тауарларды уақытша сақтау, кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша қамтамасыз етуді тіркеуге қатысты модульдерді енгізудің кезекті кезеңі жүзеге асырылуда.

 

Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Баеділов Қ.Е. және оның орынбасары Мустафин Д.К. тікелей қалаға келген шетелдік тауарларды бастапқы тіркеу жүргізілетін уақытша сақтау қоймаларына барды.

 

Уақытша сақтау қоймаларын «КЕДЕН» ақпараттық базасына қосу мәселелерін, сондай-ақ қойма мамандарының жаңа ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге дайындығына шолу жасалынды. Логистикаға жауапты қызметкерлердің ұсыныстары мен тілектерін тыңдалды.

 

Техникалық сипаттағы сұрақтарды және басқа да ұсыныстарды СЭҚ қатысушылары келесі байланыс құралдары арқылы жібере алады:

- info@keden.kz электронды поштасына немесе +7 777 333 13 26 телефонына, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша);

- Алматы қаласы бойынша МКД - Щербинин А. +7 747 338 9062 телефоны арқылы.