Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2024 жылғы 8-9 тамызда аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында көшпелі іс-шаралар өткізді.
Баяндама тақырыбы: 2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енетін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі және т.б. мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру.
Аталған Заңда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға шектеулер енгізіледі. Қабылданған жаңалықтарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады.
Аудандық МКБ басшылығына қарамағындағы қызметкерлердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуының алдын алу мәселелерін бақылауға алу тапсырылды.