Жаңа «Qoldau» жүйесі: 24 мемлекеттік органдар базасы және нақты уақыттағы статистика

Жаңа «Qoldau» жүйесі: 24 мемлекеттік органдар базасы және нақты уақыттағы статистика

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол https://tazalau.qoldau.kz сілтемесі бойынша қолжетімді.

 

Бұл ақпараттық жүйе өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы банкроттық критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді.

 

Өтініш беруші осы жүйеде өтініш бойынша мәртебені, уәкілетті органның шешімін көре алады. Сондай-ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған мәліметтерді көреді. Бұл өте ыңғайлы және болашақта ол деректерді түзету үшін белгілі бір органға жүгіне алады.

 

Сонымен қатар, «Qoldau» жүйесінде барлық тілек білдірушілер нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша статистикалық деректерді көре алады.

 

Алматы қаласы МКД деректеріне сәйкес 2024 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша алматылықтардан соттан тыс банкроттыққа 8910 өтініш түсті, оның ішінде:

  • 730 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды;
  • 6503 азамат бас тарту туралы хабарлама алды;
  • 1381 азамат банкрот деп танылды;
  • 153 өтініш қаралуда;
  • 143 өтінішті өтініш берушінің өзі кері қайтарып алды немесе көрсетілетін қызметті беруші тоқтатты.

 

Бас тартудың негізгі себебі – қарыз шарттарының кейбіреулерінің талаптарға сәйкес келмеуі, онда қарыздың өтелмеген уақыты 12 айдан аспайды немесе тұлғаның атында мүлкінің болуы.

 

Азаматтарға телефон арқылы 1414 сервисінен соттан тыс банкроттық процедурасын қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Мұндай хабарламаны алған жағдайда, соттан тыс банкроттық критерийлеріне сәйкес келген кезде 3 айдан кейін қайтадан өтініш беруге болады.