2024 жылғы 13 наурызда "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында брифинг өткізілді

2024 жылғы 13 наурызда "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында брифинг өткізілді

Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу

         2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізіліп келеді.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіріс» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.

Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.

Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.  

Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынады.

 

Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаттары мен міндеттері

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері:

  • әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
  • жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
  • сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 нысан) бір рет ұсынылады және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мәліметтерді көрсетеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларация тапсырылуы тиіс:

  • жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
  • заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары.

Бұл талап әрекетсіз деп танылған және қызметін тоқтата тұрған тұлғаларға да қатысты.

Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті емес, өйткені ол азаматтық заңнамаға сәйкес (ҚР АК 43-бабы) заңды тұлғалар болып табылмайды.

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде жеке практикамен айналысатын адамдар, яғни нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар декларация ұсынбайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсының электрондық қызметтеріндегі сілтеме арқылы сіз өзіңізді қызметін тоқтата тұрған немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде тұрған немесе тұрмаған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді тексере аласыз.

         Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ҚР-да және одан тыс жерлердегі келесі ақпаратты көрсетуге арналған:

  • шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
  • 3,5 млн теңгеден (1000 АЕК) асатын шетелдік банктегі қаражат;
  • шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т.б.);
  • үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
  • инвестициялық алтын (құйма алтын);
  • зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
  • 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК)шегінде қолма-қол ақша;
  • басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары;
  • құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) – бағалауды 31.12.2023 ж. жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.

 

Декларацияны ұсыну тәсілдері

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-Salyq Azamat», Halyk Bank, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.

 

Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі

Декларацияны ұсынбағаны үшін:

  • жыл ішінде алғаш рет – ескерту.
  • бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 55 380 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл.

Декларацияда толық емес, жалған ақпаратты ұсынғаны үшін:

  • жыл ішінде алғаш рет – ескерту.
  • бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 11 076 теңге мөлшерінде айыппұл (3 АЕК).

Салық салу объектілерін жасырғаны үшін:

  • жыл ішінде алғаш рет – төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл.
  • бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 300% мөлшерінде айыппұл.

 

Жалпыға бірдей декларация туралы қайдан білуге болады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде барлық ақпарат орналастырылған (https://kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2), оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық, ҚР-дағы өз активтерін тексеру бойынша бейне нұсқаулық.

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша электрондық деректер базасы https://drive.google.com/drive/folders/1vWH6QIa45GdEZKF8rHUlre81May8OJry?usp=drive_link

 

270.00 нысанды салық декларациясы оңтайландырылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) көрсетілетін ақпарат тізбесі қысқартылды.

Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

         Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
  • лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.

Қазіргі уақытта, кірістер мен мүлік туралы декларациясына (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде, аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, МКК-нің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысанмен де тапсыруға құқылысыз.

Егер 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға «қабылданды» және «таратылды» мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, биыл кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2021-2023 жылдарда активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) тапсырған барлық жеке тұлғалар ұсынады.

Декларацияны ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.