📌 Мемлекеттік кірістер органдары Яндекс таксимен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында Яндекс Такси қосымшасы арқылы қызмет көрсететін такси жүргізушілеріне арналған пилоттық жобаны іске қосты.
👤 Қатысушылар саны 4 400-ден астам жүргізушіні құрады, тек ағымдағы жылдың қаңтар айында жобаға 2 800-ден астам такси жүргізушісі қосылды (пилоттын аяқталу мерзімі 2024 жылғы желтоқсан). Жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін 17 мың дара кәсіпкер тіркелген.
💬 Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
📊 Егер такси жүргізушілері үшін пилоттың артықшылықтарына тоқталатын болсақ, бұл:
🔹 таксопарктердің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақша қаражатын үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Тиісінше, жүргізуші әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылады;
🔹 дара кәсіпкер ретінде тіркеуді оңайлату (мемлекеттік кірістер органдарына бармай);
🔹 нақты алынған кірістің 1% мөлшерінде салық төлеу (ал қызметкердің кірісінен салық 10% мөлшерінде ұсталады);
🔹 салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемелердің болмауы. Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және т.б. сияқты компанияларды пилотқа қатысуға қосу жоспарлануда.