ҚҚС шегі көтерілді

ҚҚС шегі көтерілді

Кәсіпкерлікпен айналысу кезінде салық салу мәселесі және ҚҚС бойынша міндетті тіркелуге алып келетін салық салынатын айналымның ұлғаюы туралы кәсіпкерлердің аз мөлшері ғана ойлауы мүмкін.

Кәсіпкердің айналымы 20 000 АЕК – 73 840 000 теңгеден (2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге) асса, ҚҚС бойынша тіркелу және қосымша 12% салық төлеу міндеті туындайды.

Бұл мәселе 2023 жылы оңайлатылған режимдегі кәсіпкерлер үшін өзекті болып, үлкен резонанс тудырды. Дегенмен, ҚҚС-тан асып кетудің шегін арттыруға болады.

Қалайша?

- Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинадан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған құрылғыдан, сондай-ақ бизнесті автоматты түрде басқару және салық есептілігін жасау мүмкіндігінен тұратын үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдану. Мұнда ҚҚС шегі 124 184 АЕК немесе 458 487 328 теңгені құрайтын болады.

- бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану арқылы, яғни мұнда  ҚҚС төлеуші ​​болып тіркелмеуге мүмкіндік бар, айналым 2,2 млрд теңгеге дейін, ал қызметкерлер саны 200 адамға дейін көтеріледі, ал салық жеке тұлғаларға сатудан 4%, заңды тұлғалармен мәмілелер бойынша еңбекке ақы төлеу қорын шегергеннен кейін 8% мөлшерінде төленеді.

Жергілікті өкілді органдар салық ставкасын 4%-дан 2%-ға дейін, яғни 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы, шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 наурызға дейін қабылдануы мүмкін.

Бөлшек салықтың арнайы салық режиміне ауысқысы келетін кәсіпкерлер әртүрлі елді мекендерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, салық хабарламасын қызметін жүзеге асыратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсына алады.

Қазіргі уақытта қызмет түрлерінің тізімі екі есеге – 190-нан 364 қызмет түріне дейін ұлғайтылды. Мысалға бөлшек сауда, мейрамхана және қоғамдық тамақтандыру қызметі, спорт және демалыс саласында білім беру, мәдениет, баспа ісі, конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру, жөндеу қызметтері, құрылыс техникасын жалға беру және т.б. Толық тізіммен Алматы қаласы бойынша МКД сайтында танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001240.