Құрметті салық төлеушілер!
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қала тұрғындарына интернеттегі алаяқтық фактілерінің көбейіп жатқанын ескертеді.
Жеке кәсiпкерлердi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi тiркеудiң және коммерциялық ұйымдарға банк шоттарын ашудың оңайлатылған тәртiбi алаяқтарды ерекше қызықтырады. Олар әлеуметтiк желiлерде әртүрлi сылтаулармен жеке кәсiпкердi немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттiк кiрiс органдарына тiркеуге, екінші деңгейдегі банктерде «кәсіпкерлік қызметті имитациялайтын» жеке шот ашуға ұсыныс жасайды.
Алаяқтар әртүрлі тауарлар сататын жалған интернет-дүкендер ашып, өздерін жеке кәсіпкерлердің немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк иелері ретінде таныстырады. Содан соң мәмілеге келісіп, қаражатты аудару кезінде жәбірленушілерде ешқандай күмән болмас үшін төлемге қашықтан шот-фактура жібереді.
Осыған байланысты біз жеке деректерді, электрондық кілттерді және басқа да құжаттарды өзге тұлғалардың пайдалануын шектеуді ұсынамыз.
Жоғарыда аталған әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 28-баптарына сәйкес алаяқтық және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі болып табылады және әркімнің жеке жауапкершілігіне әкеп соғады.