
🔰 Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазақстан азаматтары үшін ҚР аумағына электромобильдерді әкелу үшін жеңілдетілген тариф белгілеген.
🚗 ҚР үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің 7.1.38-тармағына сәйкес жеке тұлғаларға бажсыз шарттармен электромобильдер әкелуге квота белгіленді. 2023 жылы ол 15 мың дананы құрайды.
✅ Елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат берілген.
⚠️ Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз.
Қазақстанда электромобильдерді кедендік рәсімдеу қанша тұрады?
💬 2023 жылы электромобильдерді Қазақстанға әкелу бажсыз негізде жүзеге асырылады. Утилизациялық алым да төленбейді: оған нөлдік коэффициент қолданылады. Автокөлік иесіне көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін төлеуге тура келеді.
💬 Мемлекеттік тіркеу ставкасы электромобильдің жасына байланысты және 2023 жылы келесідей белгіленген:
🔸 2 жылға дейін — 0,25 АЕК (862,5 теңге);
🔸 2 жылдан 3 жылға дейін — 25 АЕК (86 250 теңге);
🔸 3 жылдан асқан — 250 АЕК (862 600 теңге).
Электромобиль үшін көлік салығын төлеу керек пе?
💬 ҚР Салық кодексінің 492-бабына сәйкес жеңіл автомобильдерге арналған көлік құралдарына салынатын салық ставкасының мөлшері қозғалтқыш көлеміне қарай есептеледі. Электромобиль ішкі жану қозғалтқышы емес, электр қозғалтқышы арқылы қозғалатындықтан, қозғалтқыш көлемі нөлге тең. Салық есептелмейді және оны төлеудің қажеті жоқ.