"Алматы-ЦТО" кеден бекетінде "AMANAT" партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының кездесуі өтті

"Алматы-ЦТО" кеден бекетінде "AMANAT" партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының кездесуі өтті

🔰 2023 жылғы 26 мамырда "Алматы-ЦТО" кеден бекетінде "AMANAT" партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының кездесуі өтті.

 

👤 ОЖ жұмыс тобы кеден бекетінің жұмысымен, қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен және түсіру, сақтау және т. б. процестермен танысты.

Іс-шара кеден бекеті басшысының орынбасары Б.С. Әбішевтің, Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының жетекшісі Т.А. Хасеновтың және жұмыс тобының мүшесі М.Т. Токмурзиевтің қатысуымен өтті.

 

📌 Кездесудің мақсаты кедендік қатынастардың проблемалық мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын табу, демек, жалпы бизнесті жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау.