Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін назарларыңызға жеткізеді, оған сәйкес бөлшек салықтың арнайы салық режимі тек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоғамдық тамақтану саласы үшін алынған кірістен 6% мөлшерінде мөлшерлемені қолдана отырып, тағы 2 жылға (2023 жылдан 2025 жылға дейін) ұзартылады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.11.2022 жылғы №912 қаулысымен "бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.02.2021 жылғы №30 қаулысына өзгерістер енгізілді, онда бөлшек салықты АСР қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері айқындалды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты салық төлеушілердің бөлшек салықтың арнайы салық режимін заңсыз қолдануы бойынша бұзушылықтарды болдырмау үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажет.