«Такс фри» пилоттық жобасының мерзімін ұзарту туралы

«Такс фри» пилоттық жобасының мерзімін ұзарту туралы

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "такс фри" пилоттық жобасының мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылғанын, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан сауда объектілері мен халықаралық әуежайларда оның жүзеге асырылу аумағының географиялық кеңеюін хабарлайды.

Осы жоба Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеуге бағытталған.

"Такс фри" жүйесінде қосылған құн салығының сомасын өтеу пилоттық жобаға қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарында "такс фри" жүйесінде сауда қызметі субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Бұл ретте, осыған дейін, ережеге сәйкес, жоба тек Алматы қаласында "Esentai Mall"сауда орталығының аумағында ғана қолданылған.

 

"Такс-фри" пилоттық жобасына қатысатын объектілер

 

Нұр-Сұлтан қ.:

1) "Talan Gallery" сауда орталығы, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16 құрылыс;

2) "Керуен" сауда-ойын-сауық орталығы Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 9 құрылыс;

3) "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран көшесі, 37 құрылыс;

4) "Мега Silk Way" сауда-ойын-сауық орталығы Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 62 құрылыс;

 

Алматы қ:

1) "Esentai Mall" сауда-ойын-сауық орталығы Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 77/8 құрылыс;

2) "Мега" сауда-ойын-сауық орталығы Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 247а құрылыс;

3) "Достық Плаза" сауда-ойын-сауық орталығы Алматы қаласы, Самал-2 шағынауданы, 111 құрылыс;

4) "Forum" сауда-ойын-сауық орталығы, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 617 құрылыс;

5) "Rolex Boutique Almaty" сағаттар дүкені Алматы қаласы, Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 75 құрылыс;

6) "Premier Group" сағат дүкені Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 125 құрылыс;

7) "Tiffany" дүкені Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, Самал-2 шағын ауданы, 67 ғимарат;

8) "Cartier" дүкені Алматы қаласы, Самал-2 шағын ауданы, 67 құрылыс;

 

Түркістан қ:

1) "Karavansaray Turkistan" сауда-ойын-сауық орталығы Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 25А құрылыс.