Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде енгізіледі.

Бірінші кезең

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (1 – кезең) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (бұдан әрі-декларация) табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын мынадай жеке тұлғалар табыс етеді:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы"Заңдарына сәйкес декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

Екінші кезең

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары) үшін декларациялау.

Үшінші кезең

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезең

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялау.

1-кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті тұлғалар

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1-бабына сәйкес:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам,

* бұл мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін ҚР Конституциясында, ҚР Конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам,

· оның ішінде ҚР Парламентінің депутаты,

* судья,

· сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не "А"корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға,

· бұл ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші,

* мәслихат депутаты,

· сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді Мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам,

* бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам;

* ҚР Заңында белгіленген тәртіппен ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азамат,

* ҚР Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттары,

* аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері,

* сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органының мүшелігіне;

* еңбекақысы ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін, жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметші;

* мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам,

* ҚР Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;

* ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметкерлері,

* Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1-бабының 4) тармақшасы).

Декларацияны тапсыру мерзімдері мен тәртібі

Декларация тұрғылықты (болатын)жері бойынша ұсынылады:

* қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

* электронды түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

Декларацияны электронды Үкімет порталы арқылы беруге болады

Салық есептілігін қабылдау (250.00 нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) тапсырыс беру


Кандидаттар мен олардың жұбайлары декларацияны кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады және ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніндегі мәліметтерді көрсетеді.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болуға тілек білдірген тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге дейін декларацияны ұсынады. Декларациядағы мәліметтер осы декларация табыс етілген айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Салықтар және басқа да көптеген мәселелер туралы толығырақ 1414 нөмірі немесе @mkdalmaty_dgdalmaty арқылы біле аласыз.