
Құрметті оқырмандар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын жаңа арнайы салық режимі жұмыс істей бастады.
🖇Салық режимі арнайы әзірленген "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын пайдалануды көздейді .
Бұл мобильді қосымша келесілерді жасауға мүмкіндік береді:
-жеке кәсіпкер (ЖК)ретінде тіркеу есебіне қою;
-жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік төлемдерді төлеу;
-ЖК тіркеу есебінен шығару.
АСР пайдаланушылары үшін салық кезеңі бір күнтізбелік жылға созылады. ЖТС төлеу ай сайын 15-не дейін жүзеге асырылады.