Алматы қаласы бойынша МКД-де Департамент басшысы Баедилов К.Е. төрағалығымен «Жеке кәсіпкерлердің қызметі мен оларға салық салудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға МКД басқармаларының басшылары, бухгалтерлік қауымдастық, аутсорсингтік компаниялар және бизнес өкілдері қатысты.
Ашық диалог форматында салық салудың өзекті мәселелері, қаржылық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау, мүлікті бағалау және салықтық процестерді цифрландыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар алдағы бірлескен жұмысқа қатысты практикалық ұсыныстар мен бастамаларын білдірді.