
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жыл үшін мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеу қажеттігін еске салады.
Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін қажетті мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге берілді. Осы мәліметтердің негізінде банк пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында әрбір объект бойынша салық сомасы егжей-тегжейлі көрсетілген push-хабарламалар жолданды.
Салықты өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:
2026 жылғы 2 қазаннан бастап өтелмеген берешегі бар меншік иелеріне тиісті хабарламалар жолданатынына назар аударамыз. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады. Ал ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда іс жеке сот орындаушыларына беріледі.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған рәсімге жол бермеу үшін салықты алдын ала төлеуді ұсынады.