
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің қатысуымен «Берешекпен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері: практикалық аспектілер және жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар берешекпен жұмыс істеу кезінде туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру тәсілдерін қарастырды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру, жедел ақпарат алмасу және туындайтын мәселелерді шешу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын айқындап, берешекпен жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен алмасты.