
Қазақстан құқықтық және әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне қадам басты: жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар әділетті мемлекет құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және елдің экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған түбегейлі бағдарларды бекітті.
Мемлекеттік кірістер органдары үшін бұл конституциялық нормалардың тікелей практикалық маңызы бар.
Салықтар суверенитет пен әлеуметтік кепілдіктердің негізі ретінде
Кез келген құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі - құқықтар мен міндеттердің теңгерімі. Конституция азаматтарға тегін білім алуға, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қорғауға кепілдік береді. Дегенмен, бұл мемлекеттік кепілдіктердің барлығының экономикалық негізі — салықтар мен алымдарды адал төлеу болып табылады.
Елдің жоғары құқықтық актісі бұл түбегейлі міндетті айқын белгілейді:
«Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» (ҚР Конституциясының 35-бабы[1] ).
Бұл норма салықтық және кедендік аударымдардың жай ғана формалдылық емес, әрбір азамат пен бизнестің өз мемлекетін дамытуға қосқан тікелей үлесі екенін айқындайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы осы конституциялық борышты орындау процесін мүмкіндігінше түсінікті, ашық және сервиске бағдарланған етуге бағытталған.
Кәсіпкерлікті қорғау және әділдік принциптері
Жаңартылған құқықтық база кәсіпкерліктің орнықтылығына және бизнес үшін жағдайлардың теңдігіне ерекше көңіл бөледі. Заңнамада негізгі экономикалық кепілдіктер бекітілген:
Құқықтық мәдениет - қоғам дамуының кепілі
Конституцияны білу және құрметтеу - жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі. Салықтар мен кедендік төлемдерді төлеу жаңа мектептерге, жолдарға және өз қалаңның қауіпсіздігіне қосқан тікелей үлес ретінде ұғынылғанда, конституциялық міндетті орындау әрбір азаматтың саналы қадамына айналады.
Әдебиеттер: