ҚР Конституциясы: негізгі ережелер мен өзгерістер

ҚР Конституциясы: негізгі ережелер мен өзгерістер

2026 жылғы 8 шілдеде Алматы қаласы Департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 237 өкімімен бекітілген Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Қатысушыларға арналған кіріспе сөзді Адам ресурстарын басқару басқармасының басшысы Динара Маратхановна Жарылқасынова сөйледі.
Кездесудің бас спикері — заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТҮ доценті Нұрбол Сатыбалдиұлы Жетібаев Департамент мамандарын ҚР Конституциясындағы негізгі ережелермен және өзгерістермен таныстырды, сондай-ақ құқық қолдану практикасының сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет тұрақтылығының негізі және азаматтар құқықтарының кепілі болып табылады, ал оны мемлекеттік қызметшілердің анық түсінуі — мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың басты шарты.