
Бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қазақстан салықтары» қауымдастығы ұйымдастырған «Салықтар 2026: жаңа қағидалар және бизнесті қорғау» атты салық форумына қатысты.
Департамент атынан спикерлер ретінде:
Куанышбеков Дулат Талғатұлы — Аудит басқармасы бөлімінің басшысы;
Жұмаханова Талғат Қаламбекұлы — Камералдық мониторинг басқармасы бөлімінің басшысы сөз сөйледі.
Кездесу барысында салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, оның ішінде тексерулер жүргізу, камералдық бақылау, сондай-ақ фискалдық органдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылының практикалық аспектілері қаралды.
Осындай іс-шараларға қатысу салық сауаттылығын арттыруға, бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогты нығайтуға және заңнамадағы өзгерістерді жедел түсіндіруге ықпал етеді.