
Салық төлеуші кабинетінде «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» атты жаңа сервис іске қосылды.
Яғни, жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушілер сервис арқылы салық органына ұсынуды жоспарлап отырған салық есептілігі нысандарын көрсетуі қажет.
Ақпараттық жүйенің бұл функциясы салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, декларацияның нөлдік нысанын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Егер кәсіпкердің салық салу объектілері және есептілікте көрсетуге жататын мәліметтері болса, онда жүйеде автоматты түрде қалыптастырылған «алғашқы немесе кезекті – нөлдік» есептілік болғандықтан, оған «қосымша» салық есептілігін ұсыну қажет.
«Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» сервисіне деректер енгізу үшін Салық төлеуші кабинетінде авторизациядан өтіп, профиль мәзіріндегі «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» бөліміне кіру қажет.
- «Қосу» батырмасын басып, тізімнен қажетті нысанды таңдап;
- Міндетті деректемелерді толтырып;
- Мәліметтердің дұрыстығын растап, қол қою және деректерді жіберу қажет.
Әртүрлі нысандар үшін толтыру талаптарының өзгеше болуына назар аударыңыз: таңдалған есептілікке байланысты жүйе жылды, тоқсанды, келісімшарт нөмірін немесе мемлекеттік кірістер органының кодын көрсетуді сұрайды.
Сонымен қатар, қызмет түрі өзгерген жағдайда есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін сервистегі нысандар тізімін жаңарту қажет.
Мемлекеттік кірістер департаменті нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру сервисін пайдалануға кеңес береді.