
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар шеңберінде салық есептілігін талдау нәтижелері бойынша ықтимал сәйкессіздіктер анықталған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеушінің кабинетіне Push-хабарламалар жолданғанын хабарлайды.
Хабарламалар келесі бағыттар бойынша қалыптастырылған:
Жолданған хабарламаларда ықтимал сәйкессіздіктерді анықтау үшін қолданылған алгоритмдер туралы ақпарат, сондай-ақ ұсынылған мәліметтерді өз бетінше тексеру жөніндегі ұсынымдар қамтылған.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге деректерді салыстырып тексеруді және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды өз бетінше жою бойынша шаралар қабылдауды ұсынады.
Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар автоматтандырылған режимде қалыптастырылатынын назарларыңызға саламыз.