МКК порталы: мемлекеттік қызметтер мен электрондық сервистер онлайн қолжетімді

МКК порталы: мемлекеттік қызметтер мен электрондық сервистер онлайн қолжетімді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен бизнес өкілдері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің порталының электрондық сервистерінің кең ауқымын мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ пайдалана алатынын еске салады.

МКК порталында қажетті ақпаратты жедел алуға және салық міндеттемелерін онлайн режимде орындауға мүмкіндік беретін түрлі сервистер қолжетімді.

Тексеру сервистері арқылы төмендегілер туралы мәліметтер алуға болады:

  • салық төлеушілер мен контрагенттер туралы;
  • сенімсіз салық төлеушілер туралы;
  • ҚҚС төлеушілері туралы;
  • тарату сатысындағы салық төлеушілер туралы;
  • қайтарылған хабарламалар туралы;
  • бақылау-касса машиналарын тіркеу туралы;
  • қолданылатын салық режимдері туралы;
  • салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, ұзарту және қайта бастау туралы;
  • Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттар туралы;
  • МКК порталында орналастырылған өзге де мәліметтер туралы.

Салықтар мен берешек бойынша сервистердің көмегімен пайдаланушылар:

  • салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы мәлімет ала алады;
  • салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлей алады;
  • жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешектері туралы ақпаратпен таныса алады.

Сондай-ақ МКК порталында қосымша сервистер де қолжетімді:

  • онлайн кезекке брондау;
  • өсімпұлды, көлік салығын, жеке табыс салығын және кедендік төлемдердің болжамды сомасын есептеуге арналған калькуляторлар;
  • Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.

Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті өзекті салық есептілігі нысандары мен салықтық өтініштер орналастырылған.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистер жұмысының сапасын бағалауға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жолдауға арналған QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар пікір қалдырып, туындаған қиындықтар туралы хабарлап, мемлекеттік кірістер органдары қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізіп, өзге де өтініштер жолдай алады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы әрі ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.