
2025 жылы салықтық шегерімдерді қолдану үшін жұмыс берушіге жүгінген азаматтар 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруы қажет екенін еске саламыз.
Бұл көпбалалы отбасыларға, оқу шығыстарына, медициналық қызметтерге және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға арналған салықтық шегерімдерге қатысты.
Егер сіз мұндай шегерімдерді жұмыс беруші арқылы қолданған болсаңыз, онда сізге 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсырып, шегерімдерді қолдану құқығын тиісті құжаттармен растауыңыз қажет.
Бұл ретте, егер сіз салықтық шегерімдерді қолдану үшін жұмыс берушіге жүгінбеген болсаңыз, бірақ растайтын құжаттарыңыз бар болса, талап қою мерзімі шегінде шегерімдерді қолдануға құқылысыз.