Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесінде Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде жүк автокөлік құралдарының жиналуы байқалып отырғанын хабарлайды. Шектес өткізу пункті — Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы «Илек-1» өткізу пункті.
Осыған байланысты күту уақытын қысқарту, көлік құралдарының тұрып қалуына жол бермеу және логистикалық процестерді оңтайландыру мақсатында Алматы қаласы бойынша МКД сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, тасымалдаушыларға, кеден өкілдеріне және тасымалдау процесінің өзге де қатысушыларына мыналарды қатаң түрде ұсынады:
Көрсетілген бағыттағы ағымдағы көлік жүктемесін ескере отырып, жүру маршруттарын алдын ала жоспарлау.
Балама бағыттарды пайдалану: қалыптасқан жағдай реттелгенге дейін көлік құралдарын «Әлімбет» автомобиль өткізу пункті арқылы өткізу ұсынылады.
Жүргізушілер мен мүдделі тұлғаларды қозғалыс маршруттарындағы ықтимал өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету.
Жағдай уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.