СӘИЖ СТК-дағы салық төлеушілерге арналған жаңа функционал

СӘИЖ СТК-дағы салық төлеушілерге арналған жаңа функционал

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігі нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.

Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» сервисінде ұсынылуға жататын салық есептілігі нысандарын көрсету қажет.

Салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде кезекті/алғашқы салық есептілігі ұсынылмаған жағдайда, ұсыну мерзімі өткеннен кейін салық органдарының ақпараттық жүйесі нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.

Бұл ретте, салық төлеушіде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған жағдайда, автоматты салық есептілігіне қосымша салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.

Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.

Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

СӘИЖ жаңа Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда knpsd@ecc.kz қолдау қызметінің электрондық поштасына хабарласуға болады.