
Құрметті сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушылары!
KEDEN ақпараттық жүйесі тарапында декларациялау функционалын іске қосуға байланысты техникалық жұмыстардың жүргізілуіне, сондай-ақ «АСТАНА-1» АЖ-ның өшірілуіне байланысты, 2026 жылғы 10 сәуір сағат 21:00-ден 11 сәуір сағат 00:00-ге дейінгі кезеңде:
«АСТАНА-1» АЖ толық қолжетімсіз болады;
KEDEN АЖ тарапында жекелеген сервистердің қысқа мерзімді қолжетімсіздігі болуы мүмкін.
Өз қызметтеріңізді жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.