10 сәуір - 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысанын тапсырудың алғашқы мерзімі

10 сәуір - 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысанын тапсырудың алғашқы мерзімі

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 493.00 «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» нысанын ұсыну талабы күшіне енді.

Аталған нысанды сумен жабдықтау, су бұру, газбен, электр және жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету, сондай-ақ тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынады.

493.00 нысаны электрондық форматта орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Бұл нысан әкімшілік деректерді жинау нысаны болып табылады, нысан индексі — 493-0 «Қызметтер».

Нысан туралы ақпарат www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады және үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есептілікті белгіленген мерзімде уақытылы тапсыру қажеттігіне назар аударады.