Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша бюджеттік сыныптама кодының өзгеруі

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша бюджеттік сыныптама кодының өзгеруі

Бюджет кодексіне сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем арнайы түсімдерге жатады.

Сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.

Салық есептілік нысаны (СЕН) 870.00 декларациясынан төлемдерді тарату бойынша жаңарту 2026 жылғы 3 ақпанда енгізілді.

Енді төлемнің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлем 401101 БСК-на жүргізілуі тиіс.