Құрметті кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілетінін хабарлаймыз.
Белгіленген талаптарға сәйкес:
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап (көрсетілген күннен бастап өндірілген өнімдерге қатысты) кегтерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізіледі;
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап (көрсетілген күннен бастап өндірілген өнімдерге қатысты) бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізіледі;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізіледі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде тауарды беру құжаттарын ресімдеу және растауды қоса алғанда, өнімнің толық қадағалануы қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты сыраны бөлшек саудада өткізетін барлық субъектілерге (дүкендер, минимаркеттер, сауда нүктелері, қоғамдық тамақтану объектілері) Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) алдын ала тіркеуден өту қажет. Тіркелу мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: https://tanba.markirovka.kz/. Өнімді таңбалау Data Matrix кодтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Назар аударамыз:
- 2026 жылғы 1 ақпаннан кейін сәйкестендіру құралдарынсыз сыра мен сыра сусындарын өндіруге және импорттауға тыйым салынады;
- міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтары тауар айналымына қатысушылар тарапынан 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде сатылуы мүмкін.
Нормативтік негіз:
- Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесін бекіту туралы бұйрығы (сыра және сыра сусындары).
Бөлшек саудада өткізушіге қажетті іс-шаралар:
- ТТҚ АЖ таңбалау жүйесінде тіркелу: https://tanba.markirovka.kz/.
Тіркелу жөніндегі нұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtu.be/jgLq862MZfg.
- Таңбаланған өніммен жұмыс істеу үшін кассалық жабдықты баптау.
- 2D-сканерді сатып алу (баламалы түрде - таңбалаумен жұмыс істеуді қолдайтын веб-касса).
- Data Matrix коды бар таңбаланған тауарды әдеттегі тәртіппен (СНТ, жүкқұжаттар және өзге де ілеспе құжаттар) ТТҚ АЖ-де растаусыз қабылдау.
- Таңбаланған өнімді дұрыс өткізуді қамтамасыз ету: кассада сату кезінде Data Matrix кодын сканерлеу қажет, содан кейін тауар автоматты түрде айналымнан шығарылады.
Сатудың тоқтатылуына және айыппұл санкцияларының қолданылуына жол бермеу үшін тіркеуден алдын ала өтіп, сауда процестерін дайындау ұсынылады.
ТТҚ АЖ техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері:
- телефон: 8 800 080 65 65;
- Telegram: +7 708 825 32 72;
- WhatsApp: +7 700 198 87 57.