Kaspi.kz қосымшасында салық режимін өзгерту

Kaspi.kz қосымшасында салық режимін өзгерту

Кәсіпкерлердің назарына!

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне көшуді жоспарлап отырған кәсіпкерлер 2026 жылғы 28 ақпанға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті. Белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады:
«Мемлекеттік қызметтер» сервисінде - «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту». Ақпарат жіберілгеннен кейін деректер 24 сағат ішінде мемлекеттік органдардың дерекқорында жаңартылады. Салық режимін өзгерту туралы хабарлама Kaspi.kz қосымшасына түседі.