Onlinebank (Halyk) қосымшасында салық режимін өзгерту

Onlinebank (Halyk) қосымшасында салық режимін өзгерту

Onlinebank (Halyk) қосымшасында салық режимін өзгерту

Кәсіпкерлердің назарына!

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне өтуді жоспарлаған кәсіпкерлер 2026 жылдың 28 ақпанына дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуы тиіс.

Егер хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаса, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде ауыстырылады.

Қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны Onlinebank мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады:

1-қадам

«Салықтар» бөліміне өтіп, «Режимді ауыстыру» тармағын таңдаңыз.

2-қадам

Ашылған бөлімде «Режим» және «МКБ» жолдарын толтырыңыз.

3-қадам

Салық режимін дайын тізімнен таңдаңыз.

4-қадам

Тіркелген мекенжайыңыз бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын (МКБ) таңдаңыз.

5-қадам

МКБ-сы дайын тізімнен таңдалады.

Мәліметтерді растау

6-қадам

Барлық жолдар толтырылғаннан кейін, салық режимін таңдау туралы белгі қойыңыз.

7-қадам

Енгізілген деректерді тексеріп, өтінішті растаңыз. Хабарламаны PDF форматында жүктеп алуға болады.

8-қадам

Өтініш Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) қарауға жіберіледі.

9-қадам

Жіберілген хабарламаны «Салықтар» → «Тарих» бөлімінен көруге болады.

 

Хабарлама жіберілгеннен кейінгі мәртебелер

Хабарламаның мәртебесін «Салықтар» → «Тарих» бөлімінен көруге болады.

Өтініш 15 минутқа дейін өңделуі мүмкін.

Өтініш қабылданған жағдайда
МКК тарапынан:

  • хабарлама нөмірі
  • талон нөмірі жіберіледі.

Өтініш қабылданбаған жағдайда
МКК бас тарту себебін көрсетіп хабарлама жібереді.
Негізгі себептердің бірі - ЭҚЖЖ таңдалған салық режиміне сәйкес келмеуі.