ЕАЭО-дағы навигациялық пломбалар: бизнес үшін маңызды ақпарат
2021 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімге қол қойды. Қазақстан Республикасында бұл Келісім 2023 жылғы 15 наурыздағы №211-VII ЗРК Заңымен ратификацияланды.
Келісім ЕАЭО-ға мүше екі немесе одан да көп мемлекет аумағы арқылы тасымалданатын тауарларды навигациялық пломбалар арқылы қадағалау тәртібін реттейді. Қазақстан Республикасында Соглашение нормаларын іске асыру үшін кешенді жұмыстар жүргізілді: заңнама жаңартылды, бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелері жетілдірілді, автомобиль және теміржол көлігінде пилоттық жобалар өткізілді.
Ұлттық оператор
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі №731 қаулысына сәйкес Ұлттық оператор ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС айқындалды. Ұлттық оператор тасымалдарды электронды түрде қадағалаудың «Транзит» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірледі, оның ішінде жеке кабинет қарастырылған, Одаққа мүше барлық елдердің операторлары көрсететін қызметтерге біріктірілген төлем жасау мүмкіндігі бар. Жүйе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының және Одақ елдерінің ұлттық операторларының ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған
2026 жылғы 11 ақпаннан бастап ЕАЭО аумағында тасымалдарды навигациялық пломбаларды қолдана отырып кезең-кезеңімен қадағалау енгізіледі.
Енгізу кезеңдері
1-кезең (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап):
Транзиттік тауарлар:
2-кезең (180 күннен кейін):
3-кезең (480 күннен кейін):
Мемлекет үшін: көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді құрал, жалған транзит және жалған экспорт схемаларын болдырмау, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз ету.
Тасымалдаушылар, экспедиторлар және тасымалдау процесіне қатысатын өзге тұлғалар ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын алдын ала ескеріп, логистиканың үздіксіздігін және жеткізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Ұлттық оператордың байланыс деректері:
Call-орталық:
+7 708 297 61 32
+7 777 110 59 85
+7 (727) 390 34 88 (ішкі 331)
+7 (727) 221 77 95 (ішкі 331)
Электрондық пошта:
mail.istt.kz/SOGo