Үшінші елдерден әкелінетін кейбір тас өнімдеріне уақытша тыйым енгізілді

Үшінші елдерден әкелінетін кейбір тас өнімдеріне уақытша тыйым енгізілді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үшінші елдерден әкелінетін кейбір тас өнімдеріне уақытша тыйым енгізілді.

2025 жылғы 2 қыркүйектегі №342 бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағына үшінші елдерден келесі тас өнімдерін әкелуге үш ай мерзімге тыйым салынады:

- Брусчатка мен жиектемелі тастар (код 6801000000);
- Салмағы 10 кг және одан асатын жылтыратылған және әшекейленген гранит (код 6802931000);
- Ескерткіштерге және құрылысқа арналған гранит (код 6802939000).

Тыйым барлық көлік түрлеріне қатысты 25 қарашадан бастап күшіне енді.