Сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу туралы

Сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу туралы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» бұйрығына 22.11.2025 жылғы №330-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін және сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау мерзімдері белгіленгенін хабарлайды.

Міндетті таңбалау мерзімдері:

- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтегі сыра және сыра сусындары;

- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – бөтелкедегі сыра және сыра сусындары;

- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкадағы сыра және сыра сусындары.

Таңбалау жүйесінде тіркелу, таңбалау кодтарын алу немесе техникалық қолдау қажет болса, тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторға хабарласыңыз:

8 800 080 65 65 (қоңырау тегін)