Бизнес үшін жаңа стандарт: Алматыда БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасы енгізілді

Бизнес үшін жаңа стандарт: Алматыда БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасы енгізілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген БКМ деректерін беру хаттамасының 2.0.3 нұсқасының іске қосылғанын хабарлайды.

Жаңа хаттамада мынадай жаңалықтар көзделген:

  • бақылау-кассалық машиналарының Ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосылуы;
  • фискалдық деректер операторы арқылы БКМ геолокациясын нақты анықтау;
  • интеграцияның жақсаруы және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыру.

Жаңа хаттамаға көшу 2025 жылғы 15 қарашада аяқталды. Фискалдық деректер операторларының алдыңғы нұсқадан ажыратылуы 2025 жылғы 17 қарашада басталды.

БКМ бағдарламалық жасақтамасы автоматты түрде жаңартылады. Қажет болған жағдайда жаңарту мен техникалық қызмет көрсетуді Техникалық қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады. Олардың тізімі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында жарияланған.