
Бірқатар БАҚ-та жарияланған материалдарда Қаржы министрінің «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» №654 бұйрығы заңнамаға қайшы келеді және компания құрылтайшыларына жаңа міндеттер жүктейді деген пікір айтылды. Осыған байланысты МКК ресми түсініктемесін жариалауда.
№654 бұйрық ешқандай жаңа талап енгізбейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын іске асыру үшін қабылданған. Онда компаниялар жойылғанда немесе қызметін тоқтатқанда салықтық міндеттемелерді қалай орындауы керектігі айқындалған.
Негізгі қағида бұрынғыдай қалады:
Бұл қағида бұрыннан бар – Салық кодексінде, Азаматтық кодексте және Банкроттық туралы заңда көрсетілген. №654 бұйрық осы нормаларды қайталайды және мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерін кеңейтпейді.
Құрылтайшы қашан жауапкершілікке тартылады.
Құрылтайшы субсидиарлық (бірлескен) жауапкершілікке тек ұйым банкрот деп танылғаннан кейін және нақты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тартылады, мысалы:
Неліктен түсінбеушілік пайда болды.
Кейбір жарияланымдар бұйрықтың бір тармағын құрылтайшылардың жауапкершілігін кеңейтеді деп түсіндірді. Алайда бұл тармақ Салық кодексінің 75-бабының нормаларын ғана қайталайды және қолданыстағы ережелерді өзгертпейді.
Маңызды ақпарат