Департамент мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты

Департамент мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігімен және аудандық мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырылған мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты.

Іс-шараның мақсаты – халықтың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардарлығын арттыру, цифрландыру саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіру және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімдерін жеңілдету болып табылады.

Жәрмеңке барысында 45-тен астам азамат консультация алды. Азаматтар тарапынан ерекше қызығушылық Жаңа Салық кодексіне, атап айтқанда, 2026 жылдан бастап күшіне енетін оңайлатылған декларация негізіндегі жаңа арнайы салық режиміне, сондай-ақ оны қолдану тәртібі мен есептілікті ұсыну мәселелеріне қатысты болды.

Іс-шара тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алуға, салықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібімен танысуға мүмкіндік берді.