
Бекітілген этика жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспары аясында 13 қараша күні Алматы қаласы бойынша АМКБ мен МКД қызметкерлері меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған заманауи және актуалды өнерге арналған жекеменшік музей – Almaty Museum of Arts музейіне барды.
Экскурсияға Алматы қаласы бойынша МКД-ның этика жөніндегі уәкілі Омаров Азат Сапарғалиұлының өзі қатысып, мұндай бастамалардың командалық және корпоративтік рухты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Экскурсия барысында музей қызметкерлерге зор әсер қалдырды: олар тек экспозициямен және сәулетпен танысып қана қоймай, шығармашылық пен шабыт атмосферасына терең бойлады.
Көпшілігі заманауи өнер туындыларымен танысу олардың дүниетанымын байытқанын атап өтті. Осындай мәдени шаралар ұжымды біртұтас етіп қана қоймай, өзара құрмет, ашықтық және эстетикалық қабылдау сияқты құндылықтарды дамытуға көмектеседі – бұл қасиеттер қоғамдық қызметте және этикалық көшбасшылықта ерекше маңызды.