Абайлаңыз! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

Абайлаңыз! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

Назар аударыңыз!

Соңғы кездері азаматтар мен кәсіпкерлердің алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған жағдайлардың саны өсуде.

Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек мемлекеттік портал (www.egov.kzelicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық басқармаларының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код сұрамайды. Сақ болыңыз!

Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы МКД-не хабарласуыңызға болады (жұм. тел. 87087653822) 8 (727) 270-07-83