Темекі өнімдерінің жапсырмаларын таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде («ИС МПТ») темекі өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізетін ұйымдармен қабылдау/беру актілерін растау және айналымнан шығару туралы
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 қаулысымен бекітілген Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, темекі өнімдерінің айналымына қатысушылар үшін белгілі бір талаптар белгіленген.
Қағидаларға сәйкес, темекі өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын барлық ұйымдар міндетті түрде:
• темекі өнімдері бойынша қабылдау/беру актілерін растауға;
• темекі өнімдерін айналымнан шығарып (жоюға), яғни markirovka.ismet.kz порталында тиісті әрекеттерді орындауға тиіс.
Қағидалардың 46-тармағына сәйкес, темекі өнімдерін өткізген кезде айналым қатысушысы қабылдау/беру актісін тауар өткізілген күннен кешіктірмей рәселдеуге міндетті.
Қағидалардың 48-тармағына сәйкес, темекі өнімдерін қабылдау (растау) айналым қатысушысы тарапынан тауарды нақты қабылдау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.
Темекі өнімдері бойынша қабылдау/беру актілерін растаудың болмауы және оларды уақытылы айналымнан шығармау Қағидалар талаптарының бұзылуы болып саналады және бұл жағдай салықтық тексерулер тағайындау кезінде критерийлердің бірі ретінде ескерілетін болады.
❗ Назар аударыңыз: қабылдау/беру актілері расталмаған темекі өнімдерін қабылдауға ұсынылмайды, себебі мұндай тауарлар шығу тегі расталмаған өнім ретінде қарастырылады.
📞 Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша келесі байланыс арналарына жүгінуге болады:
• портал: https://qazmarka.kz/education/
• Telegram чаты: Markirovka Qoldau
• WhatsApp: https://wa.me/+77088253272
• тәулік бойы жұмыс істейтін тегін «жедел желі»: 8 800 080 6565
• Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
(мекенжайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 132, тел.: +7 (727) 270-07-83)