Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:
ақпарат пен есептерді ұсыну үдерісін оңтайландыру мақсатында кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың (СВХ, ТС, СС, СХСТ, кеден өкілі, кеден тасымалдаушысы), уәкілетті экономикалық операторлардың, сондай-ақ шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына иелік ететін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың, еркін кедендік аймақ және еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты есептері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы (олар болған жағдайда) ұсынылады.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген есептерді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің электрондық мекенжайына да жолдауға болады:
Otchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kz