Алматы қаласы бойынша МКД Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ауқымды семинарға шақырады

Алматы қаласы бойынша МКД Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ауқымды семинарға шақырады

Құрметті салық төлеушілер!

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ауқымды семинарға шақырады!

Спикерлер ретінде ҚР Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің уәкілетті өкілдері қатысады. Барлық ақпарат пен түсіндірмелерді тікелей ресми дереккөздерден алыңыз.

Өткізу күні мен уақыты:

2025 жылдың 19 қыркүйек, сағат 9:30-13:00

Өтетін орны:

Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, корпус 10

Atakent Park Hotel ғимараты, «Конгресс Холл» конференц-залы

Қатысу тегін, ол үшін АЛДЫН АЛА ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ МІНДЕТТІ!

Семинарға үш жолмен тіркелсе болады:

1) @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасының профиліндегі сілтеме бойынша;

2) Осы посттың екінші бетінде орналасқан QR-код арқылы;

3) Келесі сілтеме бойынша: https://forms.gle/bmZFoaqrbdcuKdoD6

Сізді семинарда күтеміз, сәттілік!