Департамент басшысы Қ.Е. Баеділовтың «Жетісу» кеден бекетіне жұмыс сапары

Департамент басшысы Қ.Е. Баеділовтың «Жетісу» кеден бекетіне жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 20 тамызында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Е. Баеділов жоспарлы бақылау іс-шарасы аясында қызметтік сапармен «Жетісу» кеден бекеті орналасқан Алматы қаласы халықаралық әуежайының жолаушылар және жүк терминалдарына барды.

Сапар барысында ол бекеттің жұмыс ұйымдастыруымен, техникалық жабдықталуымен және қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты. Жеке құраммен әңгімелесу кезінде жұмыс процестерін цифрландыру, кедендік әкімшілендіруді оңтайландыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қ.Е. Баеділов бекет басшылығына қабылданатын тауарларды өңдеу үдерісін жеделдету, кедендік ресімдеу уақытын қысқарту, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Ол жүктер мен багажды тасымалдау барысында анықталған кеден заңнамасы бұзушылықтарына жедел әрекет ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу маңыздылығын атап өтті.