2025 жылғы 1 шілдеден бастап 6 ай мерзімге қайың фанерінің экспортына (ЕАЭО ТН ВЭД коды 4412 33 000 0) автоматты лицензиялау (қадағалау) енгізіледі.
Қайың фанерін экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына сәйкес ресімделген экспортқа рұқсатты Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.